«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЫЛ ПЕТРОПАВЛДА 10 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков тұрғындармен кездесу барысында құрылыс жоспарларымен бөлісті, деп Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Қаланы дамытудың маңызды бағыттарының бірі — құрылыс. 2020 жылы бұл мақсатта 45,6 миллиард теңге жұмсалды. Ал 2021 жылы 54,7 миллиард теңге бағытталып, көрсеткіш 15,2% — ға өсті, — деді Болат Жұмабеков.

Құрылыс жұмыстары қаладағы 3 ықшам ауданда 51 құрылыс алаңында жүргізілді. 16 баспана қолданысқа берілді.

— Ағымдағы жылы 21 бюджеттік және 14 коммерциялық үйдің құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар, бюджет қаражаты есебінен тағы да 10 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Конкурстық процестер аяқталуға жақындап қалды. Қопай шағын ауданында 9 үй салынбақ. Жалпы аталған ауданда 27 көппәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда, — деп атап өтті Болат Жұмабеков.

Одан бөлек, жеке инвестициялар есебінен 10 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталып кетті. Қосымша 18 бюджеттік және 10 коммерциялық үйдің жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp