Өткен тәулікте Қазақстанда 32 науқас коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ең көбі Алматы қаласында, онда 9 адам ауырғаны белгілі болды, Нұр-Сұлтанда – 6, Шығыс Қазақстан облысында – 4 жағдай тіркелген.
Алматы және Қарағанды облыстарында «COVID-19» жұқтырудың 3 жағдайы анықталды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында екеуден, Ақтөбе, Маңғыстау және Павлодар облыстарында бір адамнан ауру анықталған.