«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАЛУАН «САРЫАРҚА БАТЫРЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІНДЕ ҮЗДІК АТАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жеңіс тұғырына «Қызылжар арландары» спорт клубының өкілі Мұхит Тұрсынов көтерілді. Жерлесіміз қазақ күресінен «Сарыарқа батырлары» республикалық турнирінде үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Байрақты бәсекеде Мұхит Тұрсынов 100 килограмм салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. Бірінші орын алғаны үшін балуанға 150 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Ал қазақ күресінен облыстың аға жаттықтырушысы әрі «Қызылжар арландары» спорт клубының бас бапкері Төлеген Жетпісбаев 100 мың теңгеге ие болды. Бұған дейін тағы бір жерлесіміз Батырхан Қайырбек жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp