«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІРДЕГІ ӨЗЕНДЕРДЕ 10-СӘУІРДЕН БАСТАП ҚЫЗЫЛ СУ КӨТЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстанда кешегі жауған қар су тасқыны жағдайын ушықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рамиль Камалов облыста көктемгі су тасқыны жағдайы ұдайы бақылауда екенін айтты. Қазіргі уақытта ауылдық жерлерден қардың шығарылуы, арықтардың, су өткізгіш құбырларының, кәріз жүйесінің тазартылуы басты назарда.

— Өзеннің бастауынан Сергеев су қоймасына дейінгі арадағы ылғал қоры 6,5 млрд текше метрді көрсетіп тұр. Өткен жылы ылғал қорының деңгейі жоғары болды. Қардың биіктігі 20-30 см аралығында өзгеруде. Облыс бойынша 85 елді мекенді су басуы мүмкін. Бүгінге дейін облыстағы елді мекендерден 596 мың текше метр қар шығарылды. 257 шақырым арық тазартылып, автомобиль жолдарындағы 600-ге жуық су өткізгіш құбыр ашылды. Уәлиханов, Айыртау аудандарындағы шағын өзендер мен көлдерде мұз жару жұмыстары жүргізілді,-деді Рамиль Камалов.

Облыс аумағында су тасқыны кезінде жылдам әрекет ететін 8 топ құрылды. Оған құқық қорғау органдарынан 475 адам тартылды. 134 техника дайын тұр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp