«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ҮЙЛЕРДІ ЖӨНДЕУ ҮШІН 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қала әкімі есептік кездесу барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін қалпына келтіру бағдарламасына тоқталды. Аталған жоба 2020-2025 жылдарға арналған» Нұрлы жер » мемлекеттік бағдарламасының бағыттарының бірі ретінде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

2021 жылы бағдарлама аясында көп пәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту үшін республикалық бюджеттен 980 миллион теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінді. Бұл сомаға 18 көппәтерлі тұрғын үйді жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 13 үйдің шатыры жаңартылып, 5 үйде 10 лифт ауыстырылып жатыр.

Ағымдағы жылға 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Қаржыға тағы 26 үйді жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp