«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ӨҢІРДЕ ОРМАН ФЕРМАСЫ ҚҰРЫЛМАҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Былтыр Манаш Қозыбаев атындағы университеттің доценті Тимур Звереченко суық жақтарда өспейтін жапон ақмиясы, грек жаңғағы, моңғол емені, құрма, талшын, өрік ағаштарының көшетін екті. Ендігі кезекте ол ағаштарды жерсіндіріп, орман фермасын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

— Біз алқаптарды жалға алып, жеміс ағашын еккіміз келеді. Жалпылай айтқанда, агроорман шаруашылығын дамытуды жоспарлап отырмыз. Орман фермалары әсіресе Батыс елдерінде жақсы дамыған. Ол жақтың кәсіпкерлері ағаш, жеміс-жидек, дәрілік өсімдік түрлерін өсіріп, пайда табады, – дейді Тимур Звереченко.

Солтүстікқазақстандық ғалымдар былтыр балқарағай, емен, жаңғақ, құрма ағаштарын далаға еккен. Енді тамырын тереңге жайғандары арнайы алқаптарға отырғызылады. Қазіргі таңда Тимур Звереченконың жобасы қаладағы балабақшалардың бірінінің тәрбие бағдарламасына қосылды. Балалар ағаш тұқымдарын егіп, зертханада тәжірибе жүргізеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp