Қазақстан футболшылары UEFA Ұлттар лигасы аясында Молдоваға қарсы қарымта ойын өткізіп, екі матч қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Осылайша жақында ғана ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалған петропавлдық “Қызылжар” клубының жаттықтырушысы Андрей Карповичтің қадамы сәтті басталды.
Сырт алаңдағы алғашқы ойында Қазақстан құрамасы 1:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Екінші матчта қалайда есе қайтару үшін молдовандар ойынды ширақ бастап, 13-ші минутта Игорь Армаш есеп ашты. Бұл нәтиже негізгі уақытта да, қосымша таймда да өзгерген жоқ. Осылайша екі ойынның қорытындысы бойынша таразы басы теңесті. Ал 11 метрлік пенальти тебуден қазақстандықтардың жолы болып, 5-4 есебімен жеңіске жетті.
Осы жеңістен кейін ел құрамасы Ұлттар лигасының үшінші дивизионы үшінші тобындағы орнын сақтап қалды. Бұл топтағы қарсыластары – Словакия, Беларусь және Әзірбайжан командалары.
Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.