«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДА ҚАЛҒАН ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІНЕ КӨМЕКТЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО-да патрульдік полиция қызметкерлері көктайғақтың салдарынан жолдан шығып кеткен көлікті шығарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқиға наурыздың 29-ы күні «Көкшетау – Рузаевка» тас жолында болған. Көктайғақта бульдозер тиелген «MAN» жүк көлігі жолдан шығып кеткен. Тәртіп сақшылары «Баянтай», «Петропавл жолдары», «ҚазақАвтоЖол» серіктестіктерінен К-700 және фронталды тиегіш көліктерін алдырып, ауыр салмақты көлікті 10 сағаттың ішінде әзер дегенде жолға шығарды.

Келесі күні Астраханка ауылынан 6 шақырым жерде көктайғақ пен қатты соққан желдің салдарынан «Mitsubishi Canter» рефрижераторы жол жиегіндегі жыраға түсіп кетті. «Магистраль» серіктестігі қызметкерлері жолды тазалап, аударылып қалған көлікті алып шықты.

-Жүргізушілерді көктем кезінде жолда сақ болуға шақырамыз. Өйткені кез келген уақытта жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласуы мүмкін. Жылдамдық режімін және ара қашықтықты сақтап, маневр жасағанда абай болған дұрыс,- дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp