«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

«РЕСЕЙДЕН МАМАНДАР ШАҚЫРЫЛДЫ» – ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ПЕТРОПАВЛ 2-ЖЭО ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин апат орын алған Петропавл жылу электр орталығын жөндеу үшін Ресейден мамандар тартылатынын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Жылу электр орталығын қалпына келтіру үшін Ресейден мамандар шақырылды. Мұржаны бұзып, ол жерде құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша шешімдер қабылданады. Бұл іс 12 айдан 14 айға дейін созылады, — деді министр.

Юрий Ильиннің сөзінше, қазір Петропавл 2-ЖЭО – дағы апат бойынша Энергетика министрінің орынбасары бастаған үкіметтік комиссия жұмыс істеуде. Олар апаттың нақты себебін анықтайды.

— Қазіргі уақытта орталықта тек 3 қазандық жұмыс істеп тұр. Сондықтан, қалаға жылу беру температурасы да төмендегенін аңғардық. Қазір «Севказэнерго» АҚ зақымдалып, істен шыққан құбырлардың кесірінен ықтимал апаттың алдын алу бойынша жұмыстар атқаруда,-деді ТЖМ басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp