«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ САНИТАР МАМАНДАР САПАСЫЗ СУ ҮШІН 3 КӘСІПКЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары су құбырынан бактериологиялық көрсеткіштерге 1324 сынама алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Тимирязев ауданында құбыр суы бактериологиялық көрсеткіштер бойынша талапқа сәйкес келмейді. Жуу және дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін тағы сынама алынып, олқылық жойылғаны белгілі болды. Облыс бойынша су құбырларынан санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 878 сынама алынып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде,16 сынама сәйкес келмеді. Айыртау, Аққайың, Мамлют, Тайынша, М.Жұмабаев, Тимирязев аудандарында судың иісі, дәмі, түсі талапқа сай болмады,-деді ведомство өкілдері.

Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау нысандарынан 534 сынама алынды. 20-сы талапқа сай келмеген. Ескертуден кейін қамтамасыз ету нысандары сүзгілерді тазартып, кейбіреулерінде жаңасы орнатылды. Тексерістің қорытындысы бойынша 3 кәсіпкерлік нысаны әкімшілік жауапқа тартылып, 5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Istock иллюстрациялық фотосы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp