«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҚО ТҰРҒЫНДАРЫНА ИЕСІЗ САЯЖАЙ УЧАСКЕЛЕРІ ТЕГІН БЕРІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы 47 мың саяжайдың 18 мыңға жуығы қараусыз қалған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі Болат Жұмабеков халықпен есептік кездесуінде қала тұрғындарының саяжай телімдерін алуға қажеттілігі бар екенін хабарлады.

— Жүргізілген тексеру жұмыстары барысында жыл басынан бері мемлекеттік меншікке 300 учаске қайтарылды. 700-і иесіз жылжымайтын мүлік ретінде есепке қойылды. Жыл өткен соң оларды коммуналдық меншікке қайтару рәсімдері жүргізілетін болады. Біз облыстың жер инспекциясы басқармасымен бірлесіп саяжай учаскелерінің пайдаланылмауына және мақсатсыз пайдаланылуына тексеру жүргізуді жоспарлап отырмыз. Осындай фактілер анықталған жағдайда аталған учаскелердің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады, — деді Болат Жұмабеков.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp