«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІРДЕ ЖЕМҚОРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АЛАҢЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста «Antikor оrtalyǵy» өңірлік департаменті жұмысына кірісті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Antikor оrtalyǵy» жемқорлық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау алаңы болып табылады.

Орталық азаматтарды кедергісіз қабылдап және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қолдану үшін қолайлы жағдай жасайды. Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың құқығын, бостандығы мен заңды мүддесін қорғамақ.

«Antikor оrtalyǵy»-ның қызметі:

— жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды қабылдау;

— уәкілетті органдар мен сотқа жүгінуде жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне кеңес беру және жәрдем көрсету;

— жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен құқықтық нормаларды түсіндіру.

«Antikor оrtalyǵy» мамандарына жұмыс күндері сағат 09-00-ден бастап 17-00-ге дейін Интернационал көшесі, 69 мекенжайы бойынша жүгінуге болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp