«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АКАДЕМИЯСЫНДА МАГИСТРАНТТАРҒА 120 ГРАНТ БӨЛІНДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасы мен докторантурасының білім беру бағдарламаларына құжаттар қабылдау 1 наурыздан 23 шілдеге дейін онлайн-форматта жүзеге асырылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс негізінде магистратураға 120 және докторантураға 12 грант бөлінеді. Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хаб есебінен «Халықаралық қатынастар» бағдарламасына аймақтық хабқа қатысушы елдердің мемлекеттік қызметшілері үшін 2 орын қарастырылды. Қосымша Ханнс Зайдель қоры Қазақстан Республикасының, Тәжікстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның мемлекеттік қызметшілеріне «Өңірлерді дамыту» өндірістен қол үзбей оқу бағдарламасы бойынша 10 орын бөлді,-дейді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының СҚО бойынша филиалының директоры Лаура Қайыржанова.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp