«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕТРОПАВЛДА 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖЕР КЕЗЕГІНДЕ ТҰР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда 11 972 адам жеке тұрғын үй салу үшін жер кезегінде тұр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл мақсатта Солнечный шағын ауданында 2 мың, Южный шағын ауданында 1 мың учаске беріледі. Бүгінде аталған жерлерде инженерлік инфрақұрылым тартылуда.

-Петропавлда құрылыс қарқынының артуына байланысты үш жылу магистралін салуға келісімшарт жасалды. Бұл «Жас Өркен», «Борки», «Орман», «Солнечный» кенттерінде жылумен қамту қуатын арттыруға мүмкіндік береді. «Жас Өркен», «Орталық», «Береке» және «Копай» шағын аудандарында биыл да құрылыс жалғасады. Ол жақтардағы ескі жеке тұрғын үйлер сырылып, орнына көп қабатты тұрғын үйлер тұрғызылады, — деді Петропавл қаласының әкімі.

2017 жылдан бастап облыс орталығында 1673 жеке тұрғын үй сырылды. Былтыр 424 үйдің иесіне басқа пәтер берілді. Ал 39-ы бұзылған баспанасы үшін ақшалай өтемақы алған. 2022 жылы 114 жеке тұрғын үй тұрған учаскені тазартып, 6 жер учаскесін иеліктен шығару жоспарлануда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp