«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Батпақты көл бақылауда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы күндері ауа райы жылынып, қыстай жауған қар күрт ери бастады. Көшелер суға толып, кішігірім көлшіктерден тұрғындардың аяқ алып жүруі қиындап кетті. Облыста тасқынның алдын алу шаралары тыңғылықты жүргізілгені белгілі. Биыл Мамлютка қаласында да бұл жұмыс жоспарлы жүзеге асуда. Еріген қар суынан сақтану үшін Мамлют ауданының әкімдігі өткен жылдары екі электр су сорғыш қондырғы орнатқан. Оның біреуі Мамлютка қаласына кіре берістегі көлдегі судың деңгейін төмендетуге, екіншісі Жұмысшы кентіндегі батпақты көл тасымауы үшін қолданылуда. Қала ішіндегі еріген қар сулары осы екі көлге құйылады. Ал көлдің деңгейі шектен тыс көтерілсе, жақын орналасқан тұрғын үйлердің ауласына кіріп кетуі мүмкін.

– Биыл Жұмысшы кентіндегі батпақты көлдің су деңгейін төмендету үшін үшінші су сорғыш аппаратын орнаттық. Өткен жылы осы құрылғының көмегімен 500 мың текше метр су сорып алынды. Бұрын қойылған екі су сорғыш сағатына 360 текше метр су сорса, жақында қойылғанының қуаты 260 текше метрге тең. Барлық арықтарды уақытында тазалаудың арқасында соңғы екі жылда үйлерді су басу оқиғасы орын алған жоқ, – дейді Мамлютка қаласының әкімі Еркін Самарханұлы.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp