«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС КҮЙШІЛЕР ЖАРҚЫЛЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақжар аудандық Мәдениет үйінде облыстық білім басқармасының, балалар мен жасөспірімдер шы­ғармашылығы орталығы және “Серпер” өнер мектебінің ұйымдастыруымен тәлімгер ұстаз, “Күйтартыс” жобасының негізін қалаушы Серікбай Қабжанұлын еске алуға арналған “Домбыра-дас­тан” атты дәстүрлі байқау өтті. Онда Петропавл, Қарағанды, Теміртау, Көкшетау қалалары және Ғабит Мүсірепов, Қызылжар, Ақжар, Уәлиханов аудандарынан 17 жас домбырашы өз бақтарын сынады.

Байқау 12-14 және 15-17 жас ерек­шеліктеріне байланысты ұйымдасты­рылды. 12-14 жастағы оқушылар Құр­манғазы, Дәулеткерей, Дина, Сүгір сияқты қазақтың ғажайып күйшілерінің жеті бірдей шығармасын орындаса, 15-17 жастағылар Нұрғиса, Сүгір, Құл­шар, Құрманғазы, Махамбет, Дәулет­ке­рей, Тәттімбет, Дина сынды күйші­лердің он күйін тартты.

Сайыс екі айналымнан тұрды. Бай­қау қорытындысы бойынша 12-14 жас аралығындағылар сапында өнер көр­сеткен Ғабит Мүсірепов атындағы ау­данының өнер мектебінің оқушысы Ама­нали Кен­жебеков пен Ақжар ау­данының “Серпер” өнер мектебінің оқушысы Әнуар Байназарға бас жүл­де бұйыр­ды. Бірінші орынды Теміртау қаласы­нан келген Нұржігіт Тулешов, екінші орынды Ғабит Мүсірепов атын­дағы ауданның өнер мектебінің оқу­шысы Асанәлі Тойболат пен “Серпер” өнер мектебінің оқушысы Арман Айдап­ке­лов, 3-орынды осы мектептің тәр­бие­ле­нушісі Әйткен Шахмұрат пен Қы­зыл­жар ауданының “Мерей” өнер мектебінің оқушысы Даниял Мұрзах­метов және Уәлиханов ауданының өнер мек­тебінің оқушысы Айбек Саға­дат ие­ленді. Серікбай Қабжанұлы атындағы сыйлық Теміртау қаласын­дағы Ғ.Жұ­ба­нова атындағы өнер мектебінің оқу­шысы Диляра Туякпикке табыс етілді.

Байқаудың 15-17 жас ерекшелігі ере­жесіне сәйкес өнер көрсеткен Қа­рағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенті Ақнұр Сәбит бас жүлдені қанжығасына бай­лады. Жүлделі бірінші орын “Серпер” өнер мектебінің тәрбиеленушісі Жан­сая Шергалиева мен Ермек Серке­баев атындағы өнер колледжінің шә­кірті Асанәлі Оразға, екінші орын Көк­шетау қаласындағы Біржан сал атындағы музыка колледжінің студенті Ұлықпан Азатбекке бұйырды.

Жүлде алған жас домбырашыларға диплом, кубок, медальдар және ақша­лай сыйлықтар табысталды.

Тұңғышхан БЕКЕНАЙҰЛЫ,

“Серпер” өнер мектебі домбыра сыныбының мұғалімі.

Ақжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp