«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Коронавирустың беті қайтып, шектеу шаралары алынып тасталғаннан кейін өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыс тұрғындарын қабылдаудың дәстүрлі форматына оралып, азаматтардың өтініштерін тыңдады.

Пандемия кезінде “Zoom” платформасы арқылы азаматтарды онлайн қабылдау жүргізілгені белгілі. Шектеулер алынғаннан кейін көзбе-көз қабылдау қайта жандандырылды. Дегенмен аудан жұртшылығы үшін ыңғайлы онлайн қабылдау үрдісі жалғастырыла береді.

Есіл ауданынан қабылдауға келген Асқар Нұғыманов “Столыпинское” ЖШС-ның құрамынан шығуға ниет етіпті. Өтініш берушінің сауалына жан-жақты түсініктеме берілді.

Қызылжар ауданының тұрғыны Вруйр Геворкян жер учаскесіне байланысты өтінішін айтты, мәселені шешу аудан әкіміне тапсырылды.

Петропавл қаласының тұрғыны Иван Насонов тұрғын үйін су басып кету қаупі жоғары екенін жеткізді. Құмар Ақсақалов қала әкіміне жағдайды бақылауға алып, тиісті шаралар қабылдауды міндеттеді.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp