«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ЕСКІ ҮЙ ОРНЫНА — ЖАҢА БАСПАНА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл облыс орталығында жергілікті бюджет қаржысына 10 көппәтерлі тұрғын үйді салу жоспарланып отыр. Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мәліметінше, оның 9-ы Копай шағынауданында тұрғызылатын болады.

Қазіргі уақытта баспаналарды тұрғызу бойынша байқау өткізілуде. Алдымен Копай шағынауданындағы ескі үйлерді сүру жұмыстары басталады. Олардың орнын су жаңа көпқабатты үйлер баспақ. Жалпы 44,6 гектар жерді алып жатқан құрылыс алаңында 27 көппәтерлі баспана тұрғызылады, оның жалпы аумағы 278 мың шаршы метрден асады. Нәтижесінде қаланың 2871 тұрғыны қоныс тойын тойламақ. Сондай-ақ үстіміздегі жылы тартылған жеке инвестицияларға 10 көпқабатты тұрғын үйдің, 18 бюджеттік және 10 коммерциялық баспананың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.

Өткен жылы құрылысы басталған 35 көпқабатты үйді тұрғызу жұмыстары биыл жалғасын тапты. Оның 21-і жалдамалы пәтерлер болса, 14-і – несиелік.

Еске салсақ, 2020 жылы қолданысқа 183,4 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылса, былтыр өсім 21 пайызға жетіп, 222,2 мың шаршы метрді құрады. Осылайша облыс орталығында 16 баспана салынды.

Суретте: “Альфа-Север” ЖШС-ның тас қалаушылары (солдан оңға қарай) Мейрам Мұстафин мен Бауырбек Исенов жұмыс үстінде.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp