«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Кішкентай оқырмандар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы облыс­тық балалар мен жасөспірімдер кі­тапханасында Халықаралық бала­лар кітабы күніне орай кітап апта­лығы ашылды.

Санжар Нұғыман – кітапхананың тұрақты оқырманы. 10 жасар жеткіншек білім мен ізденіске құмар. Бүгінге дейін ол мұзбалақ ақын Мұқағали мен алып Абайдың бірқатар өлеңдер жи­нағын оқып шыққан. Ақындардың кей­бір туындыларын жаттап та алыпты. Кітап апталығының ашылуында ол Мұ­қағали Мақатаевтың “Туған жер” өлеңін көпшілік алдында оқып берді.

Кітапхана ұжымы жеткіншектің кі­тап оқуға деген құлшынысын қолпашт­ап, арнайы сыйлықтар мен диплом табыстады.

– Кітапханаға жиі келемін. Мұнда өте көп қызықты кітаптар бар. Ескен Елубаевтың 10-11 жастағы балаларға арнап жазған “Балаларға базар­лық”, сондай-ақ Танаш Дәуренбе­ковтің “Сыр балалары” шығармасын да оқимын. Бұл авторлар өзіме қатты ұнайды. Себебі қызықты кейіпкерлері көп, – дейді Санжар.

Дәстүрлі апталықтың ашылуына орай 37 бала марапатталды. Олар­дың барлығы – Ғабит Мүсірепов атын­дағы облыстық балалар мен жас­өспірімдер кітапханасының тұрақты оқырмандары. Жиын барысында ұл-қыздар балалар әдебиеті бағытында қалам тербеп жүрген кітапхана қыз­меткері Ғалия Малдыбаевамен әңгі­мелесті.

Алдияр АЙТПАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp