«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Мың бала” – үздіктерге мүмкіндік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тестілеу онлайн форматта өткізілуде. Солтүстікте білім байқауына қатысуға 5 мыңнан астам оқушы ниет білдірген.

“Мың бала” жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан мың дарынды баланы анықтауға арналған. Бұл оларға еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.

Бірінші кезең баланың танымдық ойлау деңгейін айқындауға бағыт­талған тесттерді қамтиды. Кешенді тестілеу “логикалық ойлау” және “ке­ңістік ойлау” бөлімдерінен тұрады.

– Биыл қатысуға өтінімдер қабыл­дау 19 ақпан мен 31 наурыз аралы­ғын­да өтті. Солтүстік Қазақстан об­лы­сы тіркелген талапкерлердің саны бойынша бірінші орында. Яғни, 5770 оқушы қатысуға ниет білдірген. Олим­пиадаға кіру сағат 9:00-ден бастап 24:00-ге дейін ашық болады, – дейді білім берудің әдістемелік жұ­мыс және ақпараттық технологиялар орталығы директорының орын­ба­сары Қуаныш Белгібай.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp