«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өздеріне мәртебе санайды-мыс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Темір жол вокзалына қонақ қарсы алуға бардым. Пойыз келмепті. Вок­залдағы жағалай қойылған орындық­қа жайғастым. Күтіп алушылар да, жолаушылар да көп. Бір сөзбен, ығы-жығы адам. Пойыз келгені хабар­ланған соң қажет вагонға қарай жа­қын­дадым. Қасымдағы жігіт те біреуді күтіп алуға келген сияқты, әлсін-әлсін вагондардың нөміріне қарап қояды. Ұзын бойлы, мес қарындау, қымбат киін­ген бір кісі шірене басып түсіп ке­ле жатты. Әлгі жігіт оның сөмкесін ұстай алып:

– Елеке, абайлап түсіңіз, баспал­дақ мұз, тайып кетпеңіз, – деп құрақ ұшып жатыр. Ол болса, тұнжыраған күйі жерге түсті де:

– Ей, жігіт, мен саған Елеке емес­пін, Елкен Саркитбаевич де, қалай-қа­лай сөйлейсің өзің? – деп зірк ете қал­­масы бар ма? Сырттан бақылап тұр­ған біздер ол кісінің орынсыз әре­кеті­не таңдана әрі жиіркене қарадық. Жігіт қайтсін, қарсы уәж айта алмай, кеші­рім сұрап, дегенін амалсыз қай­тала­ды. Бұдан адамның атын әкесінің есі­мі­мен қосақтап айту, оның өзінде орыс­ша “вичті” қосуды кейбір адам­дар абырой көретінін аңғарған­дай­мын.

Осы тектес оқиғаны өткенде әріп­тесімнің үйінде де естіп едім. Әлдебір мекеменің табалдырығын жаңадан ат­таған жас маман алғашқы күннен бас­тап бастығын “Сәуле Кердеңбай­қы­зы” деп атапты. Бір емес, екі емес, күн­де айтыла бергеннен кейін бір күні ди­ректор қызды оңаша шақырып алып: “Мені бұдан кейін Кердеңбаевна деші”, – деп ескерту жасаған екен. Жа­ңа келген жас маман бұған алғашын­да аңтарылса да, кейін жұмыстан шығып қалмау үшін соның айтқанын жөн көріпті.

Қазіргі жастардың көбі ескіге қар­сы, жаңалыққа жаны құштар. Елдік мә­селелерге келгенде өз ойын еркін біл­діреді. Қазақтыққа жат дүниені жатыр­қай қабылдайды. Осыны кей шенді­лер неге түсінбейді екен? Неге біз әлі күнге “ұлы”, “қызы” деп айтуға арлана­мыз? Әсіресе қызметте жүргендердің көбі бұл жалғауды өздеріне мәртебе көретін сыңайлы. Мектептерде де әлі бар. Бұл өзге ұлттың тілінен ажырай алмай қалғанымызды білдірмей ме? Өзгеретін кез келді ғой, тіпті өтіп бара­ды. Ол кезде идеология басқа болды дейік. Ал қазіргілерге не жорық?

Асқар ЕРНАЗАР,

зейнеткер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp