«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ЕСІРТКІГЕ МАС БОЛҒАН 18 ЖАСТАҒЫ ЖҮРГІЗУШІ ЭЛЕКТР БАҒАНЫН СОҚТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәуірдің 1-інде Айыртау ауданының 18 жастағы тұрғыны «ВАЗ-2110» автокөлігінің рөліне ие бола алмай, электр бағанын соққан. Медициналық сараптама жігіттің мас болғанын растады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жараланған жүргізушіні қираған көліктен полиция қызмектерлері шығарған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 3-бөлігі бойынша материалдар сотқа жолданды.

-Мас күйде рөлге отыратын жүргізушілер өздерінің және өзгенің өміріне қауіп төндіреді. Жалпы жыл басынан облыс жолдарында 229 мас жүргізуші ұсталды. Арақ ішіп рөлге отыратындардың қоғамға тигізетін қаупін ескеріп, оларға қатаң шаралар қолданылады, — деді СҚО жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp