«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Тасқын тасжолға қауіпті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары өңірде қарқын алды. Баспасөз туры барысында “Қазав­тожол” ҰК” АҚ-ның жергілікті бөлімшесі басшысының орынбасары Жанат Өсербаев пен “Қазақавтожол” ЖШС-ның облыстық филиалының жетекшісі Игорь Суровцев жолдарды қарғын судан қорғау шаралары жайлы айтып берді. Бұл қос мекеме бір­лесіп, республикалық маңызы бар жолдар бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеген.

Биыл облыс аумағынан өтетін рес­публикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы 19 көпір тексеріліп, 607 су өткізгіш құбыр қардан таза­ланған. Шудасай, Шарық, Қамысақты өзендері арқылы өтетін 72 құбыр мен 4 көпір тұрақты бақылауды та­лап етеді.

– Су басу қаупі бар учаскелер тізімі жасалды. Көпірлердің маңы, су өткізу құбырлары қардан аршылды. Инерт­ті материалдар қорын жинақтау жал­ғасуда. Аталмыш жұмыстарға 250 адамнан тұратын 14 бригада мен 60 инженерлік техника тартылған. Бригадалар тәулік бойы кезекшілік атқарады. Қауіпті учаскелерде қатаң бақылау жүргізіледі, – деді Игорь Суровцев.

“Қазақавтожол” ЖШС-ның облыс­тық филиалы 5344 текше метр қиыршық тас, 10 мың дана қап, 9 металл құбыр, 3 сорғы, 23 тонна дизель отыны, 10 тонна бензин дайындап қой­ған.

“Қазавтожол” ҰК” АҚ-ның жергілікті бөлімшесі басшысының орынбасары Жанат Өсербаев сақтық шаралары жоспар бойынша атқарылып жат­қанын айтты.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp