«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТХЭКВОНДОШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шаховское орта мектебінің оқушылары Тараз қаласында өткен ел чемпионатынан жүлделі оралды. Илья Сапрыгин күміс, Әйгерім Қабдол қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жас спортшы Илья Сапрыгин мұндай сайысқа алғаш рет қатысып тұр. Сонда да 8 жастағы оқушы барын салып, сайыста үздіктер қатарынан көрінді.

-Екі қарсыласымның бірі менен мықты болғандықтан оған соққы беру қиынға түсті. Бұл менің алғашқы сайысым болғандықтан қобалжығаным рас. Жалпы, ерекше әсер алдым. Қара белбеу алып, өзімді спортшы ретінде шыңдау – басты мақсатым, — дейді Шаховское орта мектебінің оқушысы Илья Сапрыгин.

Ал Айгерім Қабдолдың таеквондомен айналысып жүргеніне небәрі 6 ай болыпты.

– Үйірме жайлы естіген кезде бірден келдім. Себебі, бұл спорт түрімен айналысуды бұрыннан армандадым. Қарсыластарым Шымкент қаласынан болды. Келесі жолы 1-ші орынды алуғы тырысамын, — деді Айгерім Қабдол.

Ел біріншілігінде көзге түскен жерлестеріміз мамыр айында Алматыда өтетін додаға дайындалып жатыр.

Фото: olympic.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp