«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭКОЛОГТАР ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кездесу барысында қоршаған ортаны көркейту, өзен-көлдерді, атмосфералық ауаны ластау, қоқыстарды бөліп жинау секілді экологиялық мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әсел Шәкімова Петропавлда жол жиегіне қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу тақырыбын қозғады. Айтуынша, жасыл желектерді күтіп-баптау оңайға соқпайды. Оның орнына қайың мен терек еккен әлдеқайда тиімді. Осы мәселе бойынша департамент басшысы Азамат Бектасов ботаникалық бақтың директоры Артур Рязаповқа сұрау жолдап, маманның пікірін ескеріп, басқа қалалардың тәжірибесіне сүйенуді ұсынды.

Сонымен қатар, экобелсенділерді жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмекті кәдеге жаратуға арналған контейнерлердің жоқтығы алаңдатады. Бұл ретте табиғат жанашыры арнайы жәшік орнатуды ұсынып отыр.

— Кездесуде айтылған ұсыныстар Солтүстік Қазақстан облысының 2020-2025 жылдарға арналған экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі Жол картасына енгізу үшін қаралатын болады, деді вдомство өкілдері.

Фото: СҚО экология департаментінен

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp