«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРТЕҢ ПЕТРОПАВЛДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

9 сәуірде Петропавл тұрғындары жалпықалалық сенбілікке шығады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің ақпаратынша, барлық меншік нысандарының басшылары, сондай-ақ ПИК пен МИБ төрағалары сенбілікке қатысушыларды қоқыс жинауға арналған құралдармен, қолғап, қаптармен қамтамасыз етуі тиіс.

«Солтүстік Қазақстан облысындағы қала мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 13/21 шешіміне сәйкес «жеке тұрғын үйлердің меншік иелерін қоса алғанда, заңды және жеке тұлғалар өздеріне тиесілі аумақты өз бетінше тазалауы керек.

— Жергілікті полиция қызметі құқық бұзушыларды Қазақстан Республикасы «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 505-бабы бойынша жауапкершілікке тартады. Тазалықты сақтау — коммуналдық кәсіпорындардың ғана емес, қалалықтардың да міндеті, — деді Болат Жұмабеков.

Фото: ашық дереккөздерден

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp