«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІЛ ӨЗЕНІНДЕ СУ ДЕҢГЕЙІ КӨТЕРІЛІП КЕЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ковыльное ауылының маңында Есіл өзеніндегі су деңгейі бір тәулікте 113 см-ге көтерілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» өкілдерінің мәліметінше, облыс бойынша су деңгейі 1 – ден 113 см – ге дейін көтерілген. Рузаевка ауылында – 45 см, Соколовкада-47 см, Новоникольскіде 13 см-ге дейін жоғарылаған.

Петропавл қаласы мен Долматово ауылында тәулігіне 1 см-ден қосылған. Шағалалы өзені мен Үлкен Тораңғұл көлі сәйкесінше 14 және 1 сантиметрге түскен.

Сергеев су қоймасында су деңгейі әлі де көтерілуде. 1 тәулікте 1 см қосылған. Қазір деңгейі — 653 см, қоймаға көлемі-533 млн текше метр су жиналған.

Алдағы уақытта күн жылып, секундына 25 метрге жететін қатты жел тұрады.

фото: MyPiter.kZ

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp