Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның ашылуына байланысты 11 сәуірден бастап Петропавл автовокзалы Ресей қалаларына рейстерді қайтадан жандандырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Петропавл сапаржайы» ЖШС хабарлағандай, қазір компания ресейлік тасымалдаушылармен келіссөздер жүргізуде. Болжам бойынша, 15 сәуірден бастап солтүстікқазақстандықтар Петропавл автовокзалы арқылы Ресей Федерациясына бара алады. Автобуспен Омбы, Түмен және Екатеринбургке жол ашылады.
Ресеймен автобус қатынасы пандемия басталғанда шамамен 2 жыл бұрын тоқтады.