«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Азаматтардың өтініштері – жіті назарда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полков­нигі Айдын Қабдұлдинов жыл басынан бері 69 адамды жеке қа­былдады.

Өтініштерді қабылдау, мәселелер­ді қарастыру, кеңес беру сияқты жұ­мыстарды полицейлер “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидатын жү­зеге асыру шеңберінде ұдайы жүр­гізеді. Полиция басшылығының жеке қабылдауына жүгінетін адамдардың денін сотқа дейінгі тергеудің барысы, әкімшілік құқық бұзушылықтар, кадр мәселелері сияқты түрлі сұрақтар қызықтырады. Кезекті рет өткізілген қа­былдауға жазылған бес адам ве­домствоның ғимаратына келді, бір адам еліміздің басқа өңірінде болған­дықтан, бейнебайланыс арқылы жү­гінді. Айдын Қабдұлдинов әрбір өті­нішті жіті тыңдап, оларды шешу бойынша жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар берді.

Облыстық полиция департаменті бастығының қабылдауына 8 (7152) 39-40-20, 39-41-63 телефон­дары ар­қы­лы жазылуға болады. Бұдан бөлек, “Facebook” әлеуметтік желісінде полиция құзыретіне кіретін мәселе­лер бойынша жүгінуге болады, онда Айдын Қабдұлдиновтің ресми парақ­шасы бар. Азаматтарды қабылдау кес­тесі және байланыс нөмірлері облыстық полиция департаментінің интернет-порталында, ал аумақтық бөліністердің қабылдау кестесі әкім­шілік ғимараттардағы фойелерде орналастырылған.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp