«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ПЕТРОПАВЛДА ЖАРДАН ҚҰЛАҒАН БОЙЖЕТКЕН ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Заречный кентінің тұрғыны Есіл өзенінің арғы жағасында біреудің жатқанын көріп қалған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Бірнеше минут ішінде биіктігі 30 метр болатын жардан өзен жағасына түстік. Жағада қыз  жатыр екен. Тоңып қалмас үшін сырт киімімізді жауып, орап, жоғарыға көтеруге тырыстық. Алайда жағадағы балшық аяқ бастырмады. Рация арқылы жағдай туралы жедел басқару орталығына баяндап, құтқарушылар мен жедел жәрдем шақыруды сұрадық, — дейді Төлеген Алдабергенов.

Құтқарушылар оны арнайы платформаға салып, қауіпсіз жерге алып шықты. Бұл кезде медицина қызметкерлері де келіп, қажетті көмек көрсетті.

Анықталғандай, 18 жастағы бойжеткен Жеңіс саябағы ауданында жардан құлап кеткен. Абырой болғанда, қыз аман. Жақындарына оралды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp