«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІЛ ӨЗЕНІНДЕ СУ ДЕҢГЕЙІ КӨТЕРІЛІП КЕЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО-да Есіл шағын өзендердің есебінен молайып, көтеріле бастады. Осыған дейін тек еріген қар суы ғана қосылған болатын, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК филиалының ақпаратына сай, Есіл мен шағын өзендерде мұз жарыла бастады. Бабық-Бұрлық, Ақан-Бұрлық және Иман-Бұрлық өзендерінің әсерінен Есілде су 6 сантиметрге дейін көтерілген.

Ең жоғарғысы Тоқсан би ауылының жанындағы су бекетінде тіркелді. Петропавлда Долматово ауылындағы трансшекаралық су бекетінде 2 см-ге жоғарылады. Шағын өзендерде су деңгейінің 1-ден 35 см-ге дейін төмендеуі байқалады, Сергеев су қоймасында тәулігіне 1 см-ге көтеріліп, деңгейі 658 см-ге жетті, көлемі — 538 миллион текше метр. Су қоймасы қазіргі күні 78% — ға толған.

Фото: mypiter

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp