«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗЕЙНЕТКЕР МИНА ТАУЫП АЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Зейнеткер тот басқан металды өткен сенбі күні кешке таман Жамбыл көшесіндегі ағаштардың арасынан тауып алған. Күдік туғызатын зат туралы жақын маңдағы учаскелік полиция пунктіне хабар берген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аталған затты тексеруге СҚО полиция департаментінің қызметкерлері мен шұғыл қызмет мамандары жетті. Төңірек қоршауға алынып, тиісті қауіпсіздік шаралары жасалды. Сырттай тексеру барысында танкіге қарсы қолданылатын минаға ұқсаған, бірақ қатты тот басқандықтан бірден дөп басып айту мүмкін болмады.

Жарғыш техник-мамандардың айтуынша, кездейсоқ табылған зат оқу минасы екен. Қатты тот басқандықтан сыртқы таңбалары көрінбейді. Сондықтан, минаның нақты қай жылғы екенін білу мүмкін емес. Қауіпті «олжа» арнайы техникамен жоюға жөнелтілді.

Полицейлер жарылғыш заттардың сыртын тот басып, шірісе де қауіпті екенін ескертеді. Ішінде жарылғыш болуы әбден мүмкін. Күмән туғызатын заттарды тауып алған жағдайда, бірден ішкі істер органдарына хабарлау қажет.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp