«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІРШІЛІК КӨЗІНЕ ЗӘРУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданының әкімі Жанат Сәдуақасовтың тұрғындармен жаңа форматтағы ашық диалогы жалғасып жатыр. Осы жолы аудан басшысы ат басын Пеньково ауылына бұрды.

Елді мекен тұрғындарымен кездесу ауылдағы Мәдениет үйінде өтті. Аудан әкімі әдеттегідей соңғы үш жылдың қорытындысын шығарып, атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді. Алдағы жоспарларға да тоқталды.

Содан соң халықпен ашық диалог өтті. Жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, көп жылдан бері қордаланып қалған мәселелерін айтып шағымданды. Соның бірі – таза ауызсу мәселесі. Облыс орталығынан бар-жоғы жеті шақырым қашықтықта орналасса да, пеньковалықтар тіршілік көзіне зәру. Тұрғындар әлі күнге дейін суды көрші ауылдардан тасиды. Тұрғындар “құдықты да қазып көрдік, жердің суы тұзды” деп мұңын шақты.

Жанат Ғаббасұлы бұл мәселе күн тәртібінде тұрғанын, биылғы жоспар бойынша Пеньковоға таза ауызсу жеткізілуі тиіс екенін айтты.

Ауыл тұрғындары жайылымдық жердің азайып бара жатқанына алаңдаулы. Жергілікті серіктестіктер елді мекен маңындағы мал жайылатын жерлерді жылда жыртып тастайды. Бұл сұраққа Рощинск ауылдық округінің әкімі Азамат Кемелов жауап беріп, мал жайылымы үшін 400 гектар жер қайтарылатынын жеткізді.

Жиын барысында елді мекендегі жолдардың сапасына, көшелерді жарықтандыруға қатысты да мәселелер көтерілді. Кездесуден соң аудан әкімі жеке қабылдау өткізді.

Фархат ТАСТАМБЕК.

Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp