«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 12.04.2022

АЛҒАШҚЫ ТОҚСАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 17 ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫ

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында облыста 20 факті тіркелді, оның 17-сі жемқорлыққа қатысты. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Отан қорғау – абыройлы міндет

Биыл 7 мамырда Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуына 30 жыл толады. Әскеріміздің жауынгерлік әзірлігін жоғары деңгейде ұстап тұру – мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басты міндеттердің бірі. Бұл елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды іске асырудың, Қазақстан азаматтарының бейбіт өмірі мен жасампаз еңбегінің басты шарттарының бірі болып табылады. Президент – Жоғарғы Бас Қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қарулы …

Отан қорғау – абыройлы міндет Read More »

Тапсырыс берген техникасын ала алмай отыр

Солтүстікқазақстандық диқан “John Deere” компаниясынан сатып алған тракторына қол жеткізе алмай жүргенін айтып шағымданды. Шаруаның мәселесі кәсіпкер палатасында өткен жиында талқыланды.

ЛАЙЫҚТЫ ҚАРСЫЛАС, ӘДЕМІ ЖЕҢІС

Қазақстандық атақты кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Жапонияда өткен бокс кешінде қарсыласы Риота Муратаны жеңді. Қос қарсылас алғашқы раундтарда тең дәрежеде бокстасқанымен, төртінші раундтан бастап отандасымыз соққыларын үдетіп, басымдықты өз қолына алды. 9-ші раундта GGG соққыны жиілеткені соншалық, Муратаның шабуыл жасауға мүмкіндігі болмады. Тіпті раунд ортасында тәлтіректеп құлап та қалды, осы сәтте бапкері шаршы алаңға ақ …

ЛАЙЫҚТЫ ҚАРСЫЛАС, ӘДЕМІ ЖЕҢІС Read More »

ЗАМАНАУИ МЕКТЕП

Қызылжар ауданына қарасты Пе­терфельд ауылында кейбір қала­лар­дың өзінде жоқ озық үлгідегі мек­теп бар екенін естіп, тыныс-тірші­лігімен танысу үшін солай тарттым. Сенімгерлік басқаруға берілген оқу ордасы Қызылжар Абай мектебі деп аталады. Кіреберістегі қабырғада ұлы ақынның “Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек” деген нақылы көп жайтты аңғартып тұрғандай.

МАҚСАТ – ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН БОЛУ

Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық кеңесі халыққа жақын болудың жолдарын қарастыруда. Осы мақсатпен шалғайдағы Уәлиханов ауданына ат басын бұрған қоғамдық кеңестің төрағасы Жарасбай Сүлейменов қоғам белсенділерімен кездесіп, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Тұрғындарды қабылдады

Облыстық мәслихаттың депутаттары Евгений Кинцель мен Сәуле Сұрағанова Мамлют ауданында болып, бір топ азаматты қабылдады. Өнер мектебі директорының міндетін атқарушы И.Балкина білім ошағын жаңарту мәселесі өткір тұрғанын, күрделі жөндеуге ықпал жасауларын өтінді. Халық қалаулылары мәселені білім, экономика, қаржы басқармалары басшылығына жеткізетіндерін, “Жол картасы” бағдарламасына енгізуге күш салатындарын айтты.