«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Тапсырыс берген техникасын ала алмай отыр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық диқан “John Deere” компаниясынан сатып алған тракторына қол жеткізе алмай жүргенін айтып шағымданды. Шаруаның мәселесі кәсіпкер палатасында өткен жиында талқыланды.

“Ақселеу” ЖШС-ның директоры Серік Малаев былтыр қазан айында канадалық “John Deere” компаниясының ресми дилерімен техника сатып алу жөнінде келісімшартқа отырған. Қолданыста болған трактордың құны – 280 мың доллар. 86 мыңын алдын ала төлеп қойыпты. Алайда тапсырыс берген техникасын әлі күнге дейін ала алмай, әуре-сарсаңға түсіп жүр.

– Қаңтар айында трактор Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол Көкшетаудағы уақытша сақтау қоймасында тұр. Тауар белгісін рұқсатсыз пайдаланды деген желеумен оны кедендік рәсімдеуден өткізе алмай отырмыз, – дейді серіктестік басшысы.

Техниканы әкеліп берген ресейлік жеткізуші – “Джон Дир Русь” компаниясы болса, бұл мәселе бойынша жаңа ауыл шаруашылығы техникасын әкелумен айналысатын “Евразия Групп” дилеріне жүгінуді ұсынып отыр. Себебі, “John Deere” және “Case” компанияларының бұрын пайдаланылған техникаларын сатып алғанда фермерлерде ылғи осы тектес қиындықтар туындайтын көрінеді.

Агроөнеркәсіптік кешен мамандары бұл жерде бәсекелестік туралы заңнаманы бұзу фактісі байқалатынын айтады. Осыған байланысты облыстық кәсіпкерлер палатасы бәсекелестікті қорғау агенттігіне дилерлердің нарықты монополияландыру әрекеттерін зерттеу үшін өтініш жібермек.

Алтынай ҚАЗИҚАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp