«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ПЕТРОПАВЛДА ҚАМЫС ӨРТЕНІП, 5 КӨЛІК ЗАҚЫМДАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгін Северная, 1Б мекенжайында қураған қамыс өртеніп, айыппұл тұрағындағы 5 жеңіл көлікті зақымдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сағат күндізгі 16-30 кезінде шыққан.

Қатты жел мен өртеніп жатқан аумаққа жолдың болмауы жұмысты қиындатты.

— Жақын маңдағы мамандандырылған айыппұл тұрағына ауысқан өртті сөндіру қиынға соқты. Бұл нысан Петропавл қалалық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарайды. Тұрақтағы 5 көлік өртеніп кетті. Жалын шамамен 3 га аумақты шарпыды, — делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің 35 қызметкері және 6  техника, жергілікті атқарушы органдардың 8 қызметкері , 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Фото: ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігінен

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp