«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дархан дарын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Иван Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың жанынан құрылған “Sаnа” әдеби-музыкалық клубының ұйымдастыруымен “Дархан дарын” атты әдеби кеш өтті. Ол жерлес жазушы Сафуан Шәймерденовтің өмірі мен шығармашылығына арналды.

Кеш шымылдығы “Sаnа” клубының төрағасы Сағындық Салмурзиннің баяндамасымен түрілді. Содан кейін жазушының 1997 жылы туған ауылының азаматтарымен кездесу сәтінің бейнетүсірілімі көрсетілді.

Ардагер-ұстаз Қарақат Шалабаевтың Сафекеңнің өмірі, мінезі мен шығармашылығы туралы айтқан әсерлі әңгімесі баршамыздың көңілімізге шуақ құйды.

Сафуан Шәймерденов – ұлтын сүйген, қазаққа қызмет еткен қаламгер. Көзі тірісінде әдебиеттің ғана емес, ана тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесін алуына қажырлы еңбегімен үлес қосты. Бұл жолда жазушының басын бәйгеге тіге жүріп еңбек еткенін жұртшылық жақсы біледі.

Қаламгер есімін иеленген қалалық классикалық гимназияның 6-шы сынып оқушылары Қарақат Жолкен, Аружан Жәлел, Темірхан Төлебай жазушының шығармаларынан үзінді оқып, бірқатар туындыларын жатқа айтып берді.

Жапар ТӨЛЕГЕНОВ,

“Sаnа” әдеби-музыкалық клубының мүшесі, зейнеткер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp