«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕР ДАУЫ МЕН КӨЛІКТІҢ ЖАЙЫ Облыс әкімі тұрғындарды қабылдады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жеке мәселелері бойынша келген тұрғындарды қабылдап, толғандырған сұрақтарына жауап берді. Тиісті сала жетекшілеріне бақылауға алып, нақты шаралар қолдану жайын тапсырды. Өңір басшысына жүгінген Қызылжар ауданының Архангельское ауылдық округінің тұрғыны Қайырғали Асқаров жер телімдеріне қатысты базынасын жеткізді. Ол 2005 жылы үлескерлермен келісімшартқа отырып, 334 гектар алқапқа астық өсірген. Қазір иелігінде қалғаны – 156 гектар ғана. Оның айтуынша, басқа кәсіпкер жер учаскесінің бір бөлігін өз атына аударып алған. Бұл жайтты өзі де, жердің нақты иелері де білмеген. Мәселені қайтадан тексеруді талап етіп, талай табалдырықты тоздырыпты. “Бармақ басты, көз қысты” әрекет болуы мүмкін деген күдігін де жасырмады.

– Пайшылардың жер телімдері басқа бір адамның иелігіне өтпес бұрын маған заңға сәйкес өтініштерін алып келулері тиіс еді. Ешқандай құжат жолданған жоқ, қол да қойған жоқпын. Сөйтсек, жерге орналастырушы маман бәрін менің сыртымнан толтырған. Шешім шығарып, құжатты жер комиссиясының төрағасына тапсырған. Қазір сол 80 гектар алқап үшін шыр-пыр болып жүрмін. Дау сотта да қаралды, – дейді арыз иесі.

Жер ресурстарын басқару комитеті облыстық департаменті басшысының орынбасары Жалғас Сүлейменов 2009 жылы пайшыларды қожалық құрамынан шығару туралы хаттама рәсімделгенін, 2014 жылы сот заңды деп тапқанын, соған орай шаруа қожалығы құрамынан шығаруды міндеттегенін, тараптардан бұл шешімге қатысты шағым түспегенін айтты. Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Қуандық Шақубаевтың мәлімдеуінше, 124 гектар жері бар 13 үлескер жергілікті серіктестікке қосылған. Сот осыдан үш жыл бұрын өтсе де, әлі күнге дейін шешім орындалмаған. Құмар Іргебайұлы шенеуніктердің іс-әрекеті заң аясында тексерілетінін, екі қожалық арасындағы мәселеге араласуға олардың құқығы жоқтығын, сот шешімімен келіспеген жағдайда апелляцияға беруіне болатынын атап көрсетті.

Осы ауданға қарасты Ташкентка елді мекенінің тұрғыны бірнеше мәселені қозғады. Біріншісі – осы ауыл арқылы Долматово – Петропавл бағытында бір ғана автобус қатынайтындықтан әркез лық толы. Қалада жұмыс істейтіндердің, студенттердің облыс орталығына жетуі – бір машақат. Сондықтан қоғамдық көліктің санын көбейтуді өтінді. Екіншісі – медициналық пункт болғанымен, маман тапшы. Үшінші мәселе – екі мың адам тұратын ауылда мектеп, балабақша жоқ.

Өңір басшысы қоғамдық көлікке қатысты мән-жайды анықтау үшін жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасына мониторниг жүргізуді тапсырды. Әзірге жаңа мектеп салынбайтыны да айтылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp