«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕТРОПАВЛДА БЕС САЯЖАЙ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ОТҚА ОРАНЫП, 10 ГА ЖЕР ӨРТЕНДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда Заречный кентіндегі саяжай кооперативтерінде өрт шығып, қатты желдің салдарынан 10 гектар аумақты шарпыды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камаловтың айтуынша, құбылмалы ауа райына байланысты қазір департамент өкілдері күшейтілген режімде жұмыс істеуде. Құтқарушыларға кешегі күнге дейін қураған шөптің, қамыстың, саяжай учаскелерінің өртенуіне байланысты 130 қоңырау түсіпті.

12 сәуір күні таңғы сағат 8.00-ден бастап бүгін кезекшілік аяқталғанға дейін 20 шақты шақырту болған. Ең үлкені- Заречный кентіндегі саяжай кооперативтерінде тіркелді.

-Кеше екпіні секундына 20-23 метрге дейін жететін қатты жел соқты. Бұл да жағдайдың ушығуына себеп болды. Заречный кентіндегі саяжай учаскелеріне қатысты айтар болсам, сағат -16.20 кезінде кезекшінің пультіне «Ренет» саяжай учаскесінде қураған шөп жанып жатқандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жіберілді. Жоғары шақыру нөмірі бойынша жеке құрам, соның ішінде ауысымнан кейінгі демалыстағы қызметкерлер тартылды. Барлық қызметтер бірлесе әрекет етті, мәселен жол полициясы оқиға орнын жедел қоршауға алды,-дейді  Рамиль Камалов.

Департамент бастығының айтуынша, қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы бірде-бір ақпарат жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Әзірге, белгісіз адамдар отты абайсыз қолданып, немесе біреу әдейі өрт қойды деген болжамдар бар.

-Қазір бұл жерде арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Нақты неше саяжай учаскесінің зардап шеккені әзірге белгісіз. Бұл жерде 800-ден астам учаске бар. «Ренет», «Кировец-3» саяжай кооперативтеріндегі учаскелерге зақым келді, — дейді Рамиль Камалов.

Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp