«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ СҚО-ДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

14 сәуірде Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният СҚО-да болды. Қызылжар ауданының Знаменское ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға барып, нысанның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Министр медицина қызметкерлерімен әңгімелесті, олардың жағдайлары, еңбекақысы, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі мәселелерін көтерді.

Айта кету керек, СҚО-да алғашқы медициналық – санитарлық көмек көрсететін 530 нысан жұмыс істейді, бұл еліміздегі алғашқы медициналық көмек ұйымдарының 10% — ға жуығы. Оның ішінде қалада барлығы 4 нысан орналасқан, 526-сы ауылдарда. Бұл мекемедерге тиісті ғимраттардың 74,8 пайызы тозған.
Денсаулық сақтау министрі жергілікті атқарушы органдардың назарын ауылдағы медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын жақсарту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қажеттігіне аударды.
Күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі ауылдарда 18 дәрігер жетіспейді.

— Жергілікті бюджет есебінен студенттер мен медицина қызметкерлерін оқытуға қаражат бөлуді, тұрғын үй беруді және басқа да әлеуметтік қолдау шараларын, сараланған еңбекақы төлеуді қолдануды қоса алғанда, жас кадрларды ауылда орнықтыру үшін мотивация жасау қажет, — деп атап өтті Министр.

Фото: облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp