«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАҒАЗ ӨНДІРІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста күзге қарай қағаз шығарыла бастайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жаңа кәсіпорын бұрынғы темірбетон зауытының аумағында орналасқан. Кәсіпкер Дмитрий Шарапаевтың айтуынша, ғимарат ұзақ жылдар бойы қаңырап, бос тұрғандықтан, күрделі жөндеуді қажет етеді.

-Дұрыс таңдалған серіктестер мен жеткізушілердің арқасында керекті қондырғылар уақытында жеткізілді. 1,5 айдың ішінде 16 контейнер мен екі жүк көлігі келді. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. 4 айдан кейін зауытты іске қосамыз деп отырмыз. Зауытта санитарлық-гигиеналық және A4 форматындағы қағаз шығарамыз. Қазір ақ қағаз тапшылығы байқалуда. Шамалы уақыттан кейін өзіміздің өнімді ұсынамыз, — дейді Дмитрий Шарапаев.

Жаңа кәсіпорын айына 30 мың қорап А4 қағазын шығарады. Импортты алмастыру шамамен 25% құрайды.Жоба құны — 2,2 млрд теңге.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp