«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАР ЖАҚСЫЛЫҚ – БАЛАЛАРҒА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы оқушылар сарайында облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметовтің қатысуымен Балалар жылының ашылу салтанаты өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Ғани Сақтағанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен биылғы жыл Балалар жылы болып белгіленгенін айтып, кішкентайларға арналып, көптеген шаралар өтетінін айтты.

– Дана халқымызда “Ана – үйдің берекесі, бала – үйдің мерекесі” деген сөз бар. Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі болса, мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – елге ие болатын білімді ұрпақ тәрбиелеу. Біз – білімге құштар, жақсылыққа ұмтылған халықтың ұрпағымыз. Өз Отанын жүрегімен сүйіп, қастерлей білетін азамат тәрбиелеу – келешегіміздің кемел болуының кепілі, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Балалар жылының ашылуына арналған салтанатты шара өңіріміздің өнерлі өрендерінің концертіне ұласты.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp