«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОСТАНДЫҚҚА ЕШТЕҢЕ ЖЕТПЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көліктік бақылау инспекция­сының мамандары үшін “ЕС-164/1” түзету мекемесіне экскурсия ұйымдастырды.

“Түзету терапиясы” деп аталған ма­ңызды іс-шара коронавирус індетіне байланысты тоқтап қалған болатын. Енді қайта жанданды. Таңдаудың кө­ліктік бақылау инспекциясына түсуі не­гізсіз емес. Былтыр бұл ұйымда сы­байлас жемқорлық қылмыстары үшін екі қызметкер сотталды. Екеуі де пара алғаны үшін әрқайсысы 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айы­рылды. Бірінші тоқсанда сыбайлас жем­қорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп, көз қысты, бармақ басты әрекетке жол беретін 25 факт анықталды.

– Біздің қызмет жазалауды емес, қылмыстарды болдырмауды, алдын алуды басты мақсат етеді. Жасалған қылмыстардың ақыры қандай қай­ғылы жағдайларға ұрындыратынын кө­ріп, қалыптасқан теріс үрдісті тоқтатады деген сенім мол, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.

Темір тордың арғы жағындағы тір­шілікпен танысқандар қамаудағылардың жатын орындарын аралап көрді. Тар дәліздерден өтіп, серуендеуге арналған камерада таза ауамен тыныстап, күніне бір ақ рет осы мүмкіндікке ие болатын сотталғандардың жай-күйін бастарынан кешіргендей болды.

Экскурсия барысында тергеу изо­ляторының бастығы Рүстем Сағденов бүгінгі таңда 500 адамға шақтал­ған мекеменің тек жартысына сотталғандардың орналастырылғанын, жеңіл ақша тапқысы келіп, ала жіпті аттағандарға орындар жеткілікті екенін атап өтті.

Сөз соңында Нұрлан Серікұлы сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жасағаны үшін айыпталған шенеуніктер ат­қарып отырған қызметтері мен дәрежесіне қарамастан, заңның тала­бы бойынша қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,

облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp