«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕКЕ БАҚЫЛАУЫНА АЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенконың Мағжан Жұмабаев ауданына жұмыс сапары Булаево қаласындағы кәсіби дайындық және сервис колледжінің жұмысымен танысудан басталды. Оқу орнында “Фермерлік шаруашылық”, “Аспаз”, “Дәнекерлеу ісі”, “Электргазбен дәнекерлеуші”, “Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі” мамандықтары бойынша 183 студент білім алуда. Оқу, тамақтану және жатақханада тұру тегін. Сонымен қатар колледж студенттері стипендия алады.

Оқу процесіне 29 инженер-педагог тартылған, 22-сі оқытушы, 7-уі өндірістік оқыту шебері. Колледждің оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық базасы талапқа сай жабдықталған. Бюджет қаражаты есебінен “Жас маман” жобасы бойынша заманауи құралдар сатып алынған. Студенттер практикалық сабақтарда “Беларусь”, “AXION 820” тракторлары, “John Deere W430” комбайны сияқты заманауи техникалармен жұмыс істейді. Сабақтар алдыңғы қатарлы шетелдік өндірушілердің жабдықтары қойылған кабинеттерде өтеді.

Жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен әлеуметтік байланыс орнатудың арқасында жас мамандардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі артты. Колледж студенті Михаил Тимченко “WORLDSKILLS” аймақтық чемпионатында “Дәнекерлеу технологиялары” бағыты бойынша жеңіске жеткен. Енді ол өз шеберлігін республикалык сайыста көрсетеді. Аграрлық сектордың болашақ мамандары үшін жасалған жағдаймен танысқан мәслихат хатшысы студенттермен әңгімелесіп, оларға оқуда табыс тіледі.

Чистовское ауылында 329 үй бар, тұрғындар саны 800-ге жуық. Чистовское орта мектебінде 149 оқушы оқиды. Владимир Бубенко Чистовское орта мектебіне жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасымен танысты. Сондай-ақ мектептегі тамақтануға жіті көңіл бөліп, жергілікті тауар өндірушілерден сатып алу арқылы кейбір азық-түлік құнын арзандату бойынша ұсыныстар білдірді.

Кейін ауыл тұрғындарын жеке қабылдады. Ауылдықтар жергілікті Мәдениет үйін қайта қалпына келтіру және көшелерді қосымша жарықтандыру бойынша өтініштер айтты.

– Соңғы жылдары Бинаш ауылына су тасқыны біраз зардап әкелді, еріген су тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарына, жолға зақым келтірді. Бюджет қаражаты есебінен жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді жол сапасын тексеру барысында Ноғайбай би ауылдық округінің әкімі Эльвира Васильева. Қарағанды және Надежка ауылдары арасындағы жолға қиыршықтас төселіпті. Қарақоға мен Надежка жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Кездесуде Надежка ауылының тұрғындары әрбір үйге қосылған ауызсу құбыры үшін алғыстарын білдірді. Бірақ кейбір көшелер мен жолдарды асфальттау мәселесі әлі шешілмей отыр. Надежкалықтарды аудан орталығына дейін қатынайтын қоғамдық көлік мәселесі де алаңдатады.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенко ауыл тұрғындарының барлық тілектері мен өтініштерін мұқият тыңдап, орындалуын жеке бақылауына алатынын айтты.

Қайрат САДЫҚОВ,

облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp