«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Журналистер клубындағы жүздесу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының жанында жұмыс істейтін журналистер клубында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Ассамблеяның хатшылық меңгерушісі Жангүл Жолмұқанова мақсат – БАҚ өкілдері мен ассамблея, оның құрылымдық бөлімшелері, этномәдени бірлестіктері арасындағы белсенді іс-қимылды жетілдіру, этносаралық, конфессияаралық татулықты нығайту төңірегінде пайдалы ой-пікірлер алмасу екенін атап өтті.

– “Дөңгелек үстел” басында өңірдің жетекші баспа және электрондық БАҚ өкілдерімен, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының жанында жұмыс істейтін журналистер клубының мүшелерімен бейресми жағдайда бас қосып отырмыз. Этносаралық қатынастарды үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру – бәріміздің ортақ міндетіміз. Бұл бағытта этномәдени ұйымдар мен “Қоғамдық келісім” КММ көп жұмыс атқарып келеді. Алдағы шаралар тіпті ауқымды, – деген Жангүл Серікқызы ассамблея жұмысын насихаттағаны үшін облыстың журналистер қауымына ризашылығын білдірді.

Журналистер клубының төрайымы В.Корнева, “Қоғамдық келісім” мекемесі бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс бөлімінің жетекшісі Д.Елеуова жиналғандарға клуб жұмысы жайлы кеңінен баяндады. “Молодежная-Жастар” газетінің редакторы А.Жаукина “Ассамблея жаңалықтары” айдары ашылғанын жеткізді.

О.Файзулина (“Проспект-СК”), Т.Шейкина (“Северный Казахстан”), “Қоғамдық келісім” КММ қызметкерлері Б.Базарбаев, Н.Рудикова журналистермен өзара әрекеттесе жұмыс істеу бағытындағы тың идеяларымен бөлісті. Өзара іс-қимылды нығайту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp