«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“СЕРПЕРДІҢ” СЕРПІНДІ ҚАДАМЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіз еліміздің тірегі – өскелең ұрпақ десек, оларға заман талабына орай сапалы білім, са­налы тәрбие беру басты міндеттердің бірі болып табылады. Ал оларға қосымша білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – балалардың бос уақытын мазмұнды және толыққанды ұйымдастыруға, әлеуметтік және кәсіби жағынан жетілуіне ықпал жасау.

Аудандағы бірегей оқу орны сана­латын өнер мектебі 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2016 жылы 24 тамызда аудан әкімдігінің шешімімен “Серпер” өнер мектебі болып атауы өзгеріп, қайта құрылды. Бүгінге дейін оның қабырғасынан 57 түлек қанат қағып, жартысы жоғары оқу орын­да­рында білімдерін жалғастырса, қал­ғандары түрлі салада еңбек етіп жүр. Мектебіміз жоғары, бірінші және екін­ші санатты ұстаздармен қамтылған. Олардың қатары “Дипломмен – ауыл­ға!” бағдарламасы шеңберінде келген жастармен толыға түскенін айта кеткен жөн. Жас кадрларға бір­реттік жәрдемақы төлеу, бюджеттік несие беру, тұрғын үймен қамтама­сыз ету сияқты әлеуметтік жеңілдік­тер жасалды.

Тұтастай алғанда, ауданымызда ба­лаларды қосымша білім берумен қамту үлесінің артып келе жатқанын бай­қауға болады. Қосымша білім беру – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі негізгі кезеңнің бірі. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Ең бастысы, балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру нығайып, бір­неше жанр бойынша өнердің тылсым сыры үйретіледі.

Өнер ордасында қызмет ететін ұстаздардың кәсіби шеберліктері жо­ғары екендігін айта кеткен жөн. Күлшара Ұғыбаеваның жетекшілігімен құрылған “Айтұмар” халықтық ан­самблі­нің халықаралық “Тұлға”, рес­публикалық “Ақ шағала”, “Burabau summer fest”, “Каблучок” байқаула­рында жеткен жетістіктері – соған бір дәлел.

2017 жылы “Айтұмар”, “Ғасырлар үні”, “Мұрагер”, “Жігер” ансамбльдері “ха­лықтық” және “үлгілі” атақтарына қол жеткізді. Шәкірттеріміз Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің тү­легі, домбыра сыныбының ұстазы Гауһар Еркібаеваның жетекшілігімен республикалық “Сәлем, Астана – 2015”, “Балапан жұлдыз” байқаула­рының бас жүлдегері атанды. “Жігер” домбырашылар ансамблі бірнеше рет халықаралық сайыстарда бақ сы­нады. Колледжді үздік дипломмен бі­тірген Аманжол Қайырденов “Ғасыр­лар үні” атты ұлт аспаптар ансамблін құрып, әр баланың бойындағы дары­нын ашып, өз үлесін қосып келеді. Қолданбалы өнер саласы бойынша маманымыз Арайгүл Әбдікееваны өз ісінің нағыз шебері ретінде жұртшылық мақтан тұтады.

Биыл “Серпер” өнер мектебінің ұйымдастыруымен тәлімгер ұстаз, ардақты әріптесіміз, күй тартыс жоба­сының негізін қалаушы Серікбай Қаб­жанұлының құрметіне арнап екінші республикалық “Домбыра – дастан” атты дәстүрлі күй тартыс байқауы өтті. Жас күйшілердің шығармашылық әлеуетін жетілдіру, орындаушы­лық шеберліктерін шыңдау, көркемдік деңгейін арттыру – біз ұстанатын басты мақсат. Біздің домбырашылар Қарағанды, Теміртау, Көкшетау, Петро­павл қалаларында өткен өнер бай­қауларынан қалған емес.

Қазір оқушыларымыз өнердің көптеген түрін меңгеруге тырысуда. Ұс­таздар тәрбие беру деңгейін көтеріп, мақсатқа жету үшін түрлі әдіс-тәсілдерді жетілдіруге, шығармашы­лық іс-әрекеттерімен көрінуге мүд­делі. Қосымша білім беру жүйесі не­гізінде қабілетті, кәсіби маман қалып­тастыру – біздің басты міндетіміз. Ұжым қол жеткен жетістіктермен шек­теліп қалмақ емес. Алдағы жоспа­ры­мыз бұдан да ауқымды.

Ләззат ЖЕТПІСБАЕВА,

“Серпер” өнер мектебінің оқу ісі меңгерушісі.

Ақжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp