«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАҚЫРҒАНДА КЕЛМЕУ – СОТТЫ ҚҰРМЕТТЕМЕУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жәбірленушілер мен куәларды қылмыстық істер бойынша сот оты­рыстарына шақыру кезінде олардың тарапынан сотқа келуге бола ма, жоқ па деген сұрақтар жиі қойылатын­дықтан, осы мәселеге арнайы тоқ­тала кеткенді жөн көрдім.

Тергеуші сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында соттың шақыруы бо­йынша келу, іс бойынша шынайы ақ­па­рат беру және қойылған сұрақтар­ға жауап беру арқылы өзінің процес­тік міндеттерін атқарып, кей куәлар­ды шақыруды ұмытып кететін жайт­тар кездесіп қалады. Оны айтып отыр­ғаным, жәбірленушілер мен куә­лар себепсіз келмеген жағдайда мәж­бүрлеп алып келу немесе ақшалай өндіріп алу жазасы қолданылуы мүм­кін екенін айрықша ескерткім келеді. Кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды өкілдеріне хабарламай, ал жүк­ті әйелдер, сондай-ақ денсаулық жағ­дайына байланысты келе алмаған­дар күштеп әкелінбейді. Соңғы жағ­дайды дәрігер куәландыруы тиіс.

Шақырғанда келмеудің дәлелді себептері мыналар: сырқатының ауыр­лығы, жақын туыстарының қай­тыс болуы, зілзала сияқты адамды қатынау мүмкіндігінен айыратын жайттар. Бұл жөнінде сотқа хабар­лауға міндетті. Себептердің дәлелді, дәлелсіздігін сот шешеді. Куәлар мен жәбірленушілер сот отырысына кел­меген жағдайда істі талқылау кейінге қалдырылады және қосымша хабар­ланады. Келмеу себептерінің дәлел­ді деп танылуы істі талқылауды ке­йін­ге қалдырады, тараптардың ай­ғақтары жария етіледі.

Сот отырыстары белгіленген уа­қытта дәлелді себептерсіз өтпеген жағдайда процеске қатысушылар қыл­мыстық іс жүргізу заңнамасына сәй­кес наразылық білдіруге, жәбір­ленуші, куә, маман, аудармашы және адвокатты, прокурор мен сотталу­шы­ны қоспағанда, өзге де адамдар­дың процестік міндеттерін орында­мағаны үшін шығынды ақшалай өн­діріп алуға құқылы. Ақшалай өндіріп алуды сот осы бұзушылық анықтал­ған сот отырысында қарап, қаулы шы­ғарады. Егер тиісті бұзушылыққа сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жол берілсе, онда сотқа дейінгі тер­геп-тексеруді жүзеге асыратын адам немесе прокурор бұзушылық туралы хаттама толтырады. Оны сотқа келіп түскен кезден бастап бір тәулік ішін­де тергеу судьясына жібереді. Сот отырысына ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылуы мүмкін адам шақырылады. Тәртіп бұзушының дәлелсіз себептермен келмей қалуы хаттаманы қарауға кедергі болмай­ды. Хаттаманы қарау нәтижелері бо­йынша судья елу айлық есептік көр­сеткішке (153150 теңге) дейінгі мөл­шерде ақшалай өндіріп алуды қол­дану немесе оны қолданудан бас тар­ту туралы қаулы шығарады. Қаулы­ның көшірмесі хаттама жасаған адам­ға және ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылған адамға жібе­ріледі. Ақшалай өндіріп алу қолда­нылған кезде сот қаулының орын­далуын үш айға дейінгі мерзімге ке­йін­ге қалдыруға немесе ұзартуға құ­қылы.

Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың шақыру қағазы, хабарламасы болмаса шақыру бо­йын­ша істі одан әрі қарау сотқа мүм­кін болмаған жағдайларда, дәлелсіз себептермен сотқа келмеу, адамдар­дың айыпталушының (күдіктінің) сотқа келуі туралы өздері берген жазбаша кепілгерлікті бұзуы немесе орындамауы, айыпталушының (кү­дік­ті­нің) сотқа келуі туралы оның сот­қа келуі туралы жазбаша кепілгер­лікті бұзуы немесе орындамауы, ата-анасының, қорғаншысының, қамқор­шысының немесе арнаулы жабық балалар мекемесі әкімшілігі өкілінің қарауына берілген кәмелетке тол­маған айыпталушының (сезіктінің) сотқа келуін қамтамасыз ету туралы, оның соттан жалтаруына әкеп соққан жазбаша міндеттемесін бұзуы сотты құрметтемеушілік ретінде бағалануы мүмкін. Тиісінше Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабы бойынша ескерту не 20 айлық есептік көрсеткіш (61260 теңге) мөлшерінде айыппұл салу не 5 тәу­лікке дейінгі мерзімге әкімшілік қа­маққа алу түрінде әкімшілік жауап­кершілікке тартылады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) 30 айлық есептік көрсеткіш (91890 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға не 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Сот процесіне қатысушылардың дәлелді себептерсіз келмей қалуы сот билігінің беделін түсіріп, процес­ке қатысушылардың сот шақыру­ларына қатысты тәртіпті нығайтуға кері әсер етеді.

Абдикаххар ЕРКЕБАЕВ,

мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp