«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ЕГІСКЕ ДАЙЫНДЫҚ ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют ауданының диқандары көктемгі егіс жұмыстарына қызу дайындық үстінде. Егіс науқанын уақытылы әрі сапалы жүргізу – мол өнім алудың кепілі. Биыл мамлюттіктер 164,5 мың гектар жерге дән себуді көздеп отыр. Оның ішінде дәнді дақылдар 117,6 мың, майлы дақылдар 38,5 мың, мал азығы 13,9 мың гектар алқапқа себілмекші. Ал картоп пен көкөністі 1,2 мың гектарға егу жоспарлануда.

– Көпжылдық шөптерді егуді ша­руа­шылықтар 3 мамырда бастайды. Майлы дақылдар 15-26 мамыр ара­лығында, бір жылдық шөптер 2-6 мау­сым аралығында, ал дәнді дақылдар 17 мамырдан 28 мамырға дейін егі­леді. Жыл басынан ауыл шаруашы­лы­ғы техникаларын жаңартуды қолға алып, биыл 773 млн. теңгеге 49 техни­ка сатып алдық. Өткен жылы 189 тех­ника алу үшін 9,2 млрд. теңге жұм­салған, – дейді Мамлют аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшы­сы Мұрат Қожаев.

Көктемгі егіс науқанының сәтті өтуі­нің тағы бір маңызды құрамдас бөлігі – шаруаларды жанар-жағармаймен қам­тамасыз ету. Биыл көктемгі дала жұ­мыстары үшін арзандатылған ди­зель отынын жеткізуге “Эталон Ре­гион”, “ПетроРетайл”, “Даймон Север” және “Солтүстік отын компаниясы” жауапкершілігі шектеулі серіктес­тіктері тағайындалды. Жанармайға де­ген қажеттілік 3300 тоннаны құ­рай­ды, бағасы литріне – 210 теңге. Бү­гінгі таңда 2280 тонна дизельдік оты­ны немесе 66 пайызы жеткізілген.

Мұрат Мейрамұлының сөзінше, биыл­ғы көктемгі дала жұмыстарына 936 трактор, 795 дән сепкіш, 61 жоға­ры өнім­ді егіс кешені, 270 жүк көлігі қатысады.

Өсімдік шаруашылығында жоғары сұрыпты тұқым маңызды рөл атқара­ды. Аудан тұқыммен толық қамта­масыз етілген. Ауыл шаруашылығы дақылдарының 19,6 мың тонна тұқы­мы бар, олар зертханаларда толық сынақтан өткізілген. Биылғы егіс үшін 580 тоннадан астам элиталық, бірінші және екінші репродукциялы ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқы­мы дайын. “Боевчанка”, “Ликамера”, “Уралосибирская”, “Старт”, “Трисо”, “Алтай жница”, “Любава5” сияқты би­дай сұрыптары бар.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

“Soltüstık Qazaqstan”

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp