«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бюджетке енгізілетін өзгерістер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихаттың депутаты Сәуле Сұрағанованың төрағалығы­мен бюджет, қаржы, экономика сала­ларын дамыту және қоршаған орта­ны қорғау мәселелері жөніндегі тұ­рақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Ко­миссия жұмысына облыстық мәсли­хат­тың хатшысы Владимир Бубенко, тұрақты комиссиялардың төрағала­ры, комиссия мүшелері, облыс әкім­дігі басқармаларының басшылары қатысты.

Отырыста “Солтүстік Қазақстан об­лысының 2022-2024 жылдарға ар­налған облыстық бюджетін бекіту туралы” облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №12/1 ше­ші­міне өзгерістер енгізу туралы мәсе­ле қаралды. Өңір бюджетіне енгізі­летін өзгерістер туралы қаржы бас­қар­масының басшысы Наталья Дыш­кант баяндама жасады.

Депутаттар жаңа кадрлық таға­йын­­дау­ларға байланысты мәслихат­тың “Облыс әкімдігі жанындағы кә­мелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комис­сия­ның дербес құрамы туралы” шеші­міне өзгерістер енгізу, облыстық мәс­ли­хат аппаратының “Б” корпусы мем­лекеттік әкімшілік қызметші­лері­нің қыз­метін бағалау әдістемесін бе­кі­ту ту­ралы шешім жобаларын талқы­лады.

Халық қалаулылары күн тәртібіне шығарылған мәселелер төңірегінде ой-пікірлерін білдіре келіп, кезектен тыс сессияға енгізуді қолдады.

Қайрат САДЫҚОВ,

облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp