«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«Отбасы банк» пәтер жалдап тұратын қазақстандықтарға субсидияға өтініш беру шарттарын жариялады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Отбасы банк» жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінім қабылдайтын платформа іске қосылғанын хабарлады. Банк мәліметінше, жоба биылғы мамыр айынан бастап қолжетімді болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жалдау төлемдері бойынша мемлекеттік қолдауға төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар өтініш бере алады.

Олар -1 және 2 топтағы мүгедектер,мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар,  жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көпбалалы отбасылар.

Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 36 018 теңге) аспауы тиіс.

-2022 жылы азаматтарды қолдауға 50 млрд теңге қарастырылған. Оның 40 млрд теңгесін республикалық бюджеттен алу көзделсе, 10 млрд теңгесін жергілікті әкімдіктер бөледі. Бюджеттен қаржыландыру мамыр айында күтілуде. Жаңа бағдарлама шамамен 70 000 адамды қамтымақ, олар жалдау ақысының 50% алады. Қазақстандықтар қысқа мерзімде, кезексіз өтінім беруі үшін біз бүкіл процесті онлайн режимге ауыстырдық», — дейді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Айта кетейік, субсидия алуға үміткер «Отбасы банкінде» депозиті бар клиенті болуы тиіс. Жинақ шоты жоқ азаматтар бейнебанкинг қызметі немесе Otbasy bank мобильді қосымшасы арқылы аша алады. Жалдамалы пәтерді қазақстандықтар өздері іздейді. Баспананы жалға беруші де otbasybank.kz сайтына ЭЦҚ арқылы тіркеліп, «Жалға алу ақысын субсидиялау» бөлімінде деректерін растайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp